Халықаралық дөңгелек үстел

2025 жылғы 3 ақпанда «Туризм және сервис» кафедрасында «Туризм және қонақжайлылық индустриясы саласында тәжірибеге бағдарланған оқытуды жетілдіру: теория мен практиканың өзара іс-қимылы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Вице-министрі Е.М. Еркінбаев, АҚ "Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес" университетінің ректоры Л.Б. Байболова, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары: Анталия Билим университетінің профессоры Demet Ceylan (Түркия Республикасы), Ф.Скорин атындағы Гомель мемлекеттік университетінің профессоры Флерко Т. Г. (Беларусь Республикасы); бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері: Rixos President Astana отелінің бас менеджері Tercan Tansel, Қазақстан туроператорларының қауымдастығының президенті - Рей И. Ю., "Қамқор" КҚ-ның директоры Есилов А. Б. және т. б. қатысты.

Қатысушылар жұмыс тәжірибесімен алмасты және жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша бірлескен шешімдер әзірледі.