“Туризм және сервис” кафедрасының 15-ші ақпанда кафедра апталығы аясында “Халықаралық бармен күні” аталып өтті. Іс-шараға кафедраның барлық оқытушылары, студенттері және университет қонақтары қатысты. Бұл іс-шараға “Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі” мамандығының барлық студенттері ат салысты. Әсіресе, 1-ші курс студенттері өздерінің теориядан алған білімдерін тәжірибеде жинақтап, біліктерін көрсетті. Барлық көрермендер мен қатысушылар жақсы әсер алып, өздерінің оң бағаларын берді.
1 курс РДГБ-221, 222 тобының студенттері: Жакан Парасат, Айтуар Әсет, Ахметова Аида жеміс-жидектен жасалған түрлі тісбасарлар ұсынды. Кураторы: Темиралиева З.С.
2 курс РДГБ-211 Болат Айла, Абдикадиров Нурмухаммед, Иманәлі Ерқанат және Байболат Аяулым авторлық лимонадтарын көрсетіп, тары қосылған шәй мен смузиден мастер-класс ұсынды. Кураторы: Нурмадиева Г.Д.
3 курс РДГБ-201 тобы бойынша өнер көрсеткен бармен – Тұрсынхан Мұрат коктейльді жасаудан өз өнерін көрсетті.