Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде 9 мамыр- Жеңіс күніне орай Халық қаhарманы, әскери қайраткер, генерал-лейтинант Бақытжан Ертайұлы Ертаевпен кездесу өтті. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ауған соғысының ардагерлерін еске алу үшін минуттық үнсіздік жарияланды.
Кездесу университетіміздің президент-ректоры Сейіт-Қасым Ниязбекұлы Байбековтың алғы сөзінен бастау алды. Сейіт-Қасым Ниязбекұлы Бақытжан Ертайұлына «Құрметті профессор» куәлігін табыстап, мантия сыйлады. Өз кезегінде Халық қаhарманы, Республикалық қоғамдық-патриоттық «Halyq batyrlary» журналын өз қолтаңбасымен табыстап, естелік суретке түсті.
Іс-шараға қатысқан студенттер сұрақтарын қойып, патриоттық жайлы пікірлерімен бөлісті. Ал 2 курс дизайн 221 тобының студенттері Алимкулова Дина мен Мусина Диляра:
«Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Малайзияға оқуда барып келдік. Шет елде патриоттық сезіміміз арта түсті, тіпті шет елден келгелі ұялы телефонымызға туымыз бен патроттық суреттер қоятын болдық, туған елімізбен мақтанамыз! Бәрі батыр аға-аталарымыздың, Сіздей Халық қаhармандарының арқасы!,»- деп жылы лебізін білдірді.