04.10.22 жылда Қазақ Технология және бизнес университетінің «Экономика және басқару» кафедрасында, ҚР мәжіліс парламенті депутатының, әлеуметтік-мәдениет даму комитетінің мүшесі Абсеметова Алия Маратовнаның қатысуымен «Қазақстанның жаңа бағыты: Қ.К. Тоқаев». президентінің реформалары және бастамасы тақрыбында қонақ дәрісі өтті. Дәрісте «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағадарламаларының 1-3 курс студенттері қатысты. Дәріс барысында Алия Маратовна өзінің өмірбаянын, қазіргі кезде қоғамда болып жатқан түрлендіру, ҚР президентінің бастамаларының жүзеге асуы және еліміздегі әлеуметтік -экономикалық, саяси реформалар туралы баяндап берді. Қызығушылық білдірткен аңдатпалар: жастардың алдында ашылатын мүмкіндіктер, әлеуметтік лифттердің жұмыс істеу барысы және мемлекетіміздің дамуына қосылған үлестер. Қонақты дәріс интерактивті форматта өтіп , студенттерді қатты қызықтырды. Студенттерді тиімді білім беру жүйесі, гранттық қаржылық мүмкіндіктерін, Қазақстан тарихының сақталуын және болашақтың даму перспективалары сұрақтары қызықтырды.