2023 жылғы 5-15 маусым аралығында Қазақ ТБУ Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы біліктілікті арттыру курсына қатысты. Курсты өткізу үшін Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне қарасты «Абай ҒЗИ» тарапынан: Алдабек Нұргүл мен Байқоныс Ануар есімді жоғары білікті тренер ғалымдар шақыртылды. Курс «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында өтті.
Курстың жалпы көлемі 72 академиялық сағатты құрады.
Курстың бірінші бөлігінде педагогтарымыз Google-дың құралдар кешенін (G. форма, Jamboard, G.пошта, G.диск, YouTube, G.мәдениет пен өнер және т.б. ), электронды сабақ құруға қажетті онлайн платформаларды, GPT Chat ерекшеліктерін, онлайн лекцияларды монтаждауға қажетті Capcut видео редактор бағдарламаласын, оқу процесін жүйелендіруге тиімді Trello, Emaze, Padlet, Wooclap, Joyteka платформаларымен жұмыс жасалды. Электронды оқулық жасауға қажетті Book creator бағдарламасында оқу материалдарын түрлендіру жолдары қарастырылды.
Курстың екінші бөлігінде қазіргі таңда өзекті саналатын «Эмоционалды интеллект» тақырыбында оқытушыларға қажетті дәрістер өтілді. Тұлғаның өзін-өзі басқаруы, білім алушылардың интеллектуалды және эмоционалды тұрғыда дамуының маңызды шарттары, ғылыми негіздемелер мен жағдаяттық оқыту қадамдары талқыланды. «Оқытудың интербелсенді әдістері» тақырыбы аясында оқыту әдістерінің заманауи мәселелері бойынша теория мен практика мысалдары талқыға салынды.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының педагогтары курста алған білімдері мен дағдыларын жаңа 2023-2024 оқу жылында оқу процесін жетілдіруге қолданатын болады.
Оқытушылар университет әкімшілігі мен шақырылған тренерлерге осындай қысқа мерзімде маңызды, жаңа және танымдық ақпарат алу мүмкіндігі үшін үлкен алғыстарын білдіреді.