Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің президент-ректоры Сейіт-Қасым Ниязбекұлы Байбековтың «Гүн Ата» кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға мемлекеттік қайраткерлер, Парламент депутаттары мен елімізге белгілі ғалымдар қатысып, авторды тұсаукесермен құттықтады. Келген қонақтар кітап авторынан қолтаңба алып, ізгі тілектерімен бөлісті.
«Гүн ата» кітабының электронды нұсқасын, төмендегі сілтеме бойынша өтіп онлайн оқи аласыздар.