27 қазанда АТУ–да 8D0707203 - "Азық-түлік қауіпсіздігі" білім беру бағдарламасы бойынша докторант Тютебаева Камила Ескендірқызына философия докторы PhD диплом салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.. Философия докторы дипломы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі «Дәрежені беру туралы» бұйрығына сәйкес берілді. "Технология және стандарттау" кафедрасының қызметкерлері философия докторы дипломымен құттықтайды. Диссертацияның тақырыбы:" Электромагниттік сәулелену арқылы құс етінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету"
Камила Ескендірқызы, ғылыми және кәсіби қызметіңізде алдағы уақытта да табыстар мен шығармашылық жоспарларыңыздың жүзеге асуын тілейміз!