КазУТБ в СМИ

"Есеп және аудит", "Қаржы" ББ студенттері арасында есеп, аудит және қаржы бойынша олимпиада

4-5 наурыз күндері университетімізде «Есеп және аудит» және «Қаржы» білім беру бағдарламалары бойынша 2-3 курс студенттері арасында есеп және аудит, қаржы пәндері бойынша олимпиада өтті. Зияткерлік сайысқа УиА-222, УиА-231, ФН-231, ФН-232, ФН-221 және ФН-222 топтарының студенттері қатысты.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

🔹 Тестілеу – есеп және аудит, қаржы саласындағы теориялық білімдерін тексеру;

🔹 Эрудит турнирі – қаржылық сауаттылыққа арналған интеллектуалдық сайыс;

🔹 Ситуациялық тапсырма – нақты жағдайларды талдау және оңтайлы шешімдерді әзірлеу.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

🥇 Тусупекова Динель (ФН-222), Фаткулина Махаббат (УиА-222) – 1 орын

🥈 Раматулла Аружан (ФН-231), Алина Адилова (УиА-222) – 2 орын

🥉 Зейнуллаева Малика (ФН-222), Тілеужан Жанел (УиА-231) – 3 орын

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға қызығушылықтары, жоғары дайындық деңгейі және кәсіби дамуға ұмтылысы үшін алғыс айтамыз! 🎉👏

Сізге оқуда табыс пен бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы әлемінде жаңа жетістіктер тілейміз! 💼📊