Медиа

ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТ БАСТАЛДЫ!

Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық біріңғай тест тапсыруға келген талапкерлерге сәттілік тілеу үшін қатысты. Биыл 180 мыңнан аса жас түлек бұл сынақтан өтуге өтініш білдірген. Ал, су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған 6 өңірдің түлектеріне тест 25 мамырда басталады.

Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!