Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ҚазТБУ-ң Президенті-ректоры Байбеков Сейдикасым Ниязбекұлы және ӨЖЖ жөніндегі проректор Идирисов Жұмабай Молдақадырұлы алғыс хатпен марапатталды.
Мемлекет басшысы осындай сенім білдірілген адамдардың арқасында кезектен тыс президенттік сайлау лайықты деңгейде, әділ және ашық түрде ұйымдастырылғанын, халықтың белсенділігі жоғары екенін атап өтті.
Мұндай сенім білдірілген адамдар өз күштерін біріктіріп, әділ сайлау мен әділ Қазақстанды қолдау бойынша орасан зор жұмыс жүргізді.
Сонымен қатар, белсенді жұмысы үшін республикалық қоғамдық штаб басшысы Ерлан Қошановтың атынан тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Ерболат Рахметоллаұлы Серкебаев алғыс хат алды.
Өз кезегінде, ҚазТБУ ұжымы жоғарыда аталған басқарушылармен мақтанады!