2021 жылдың 25 қарашасында сағат 15.00-де онлайн форматта факультет деканы, профессор А.Ш.Нұрғалиеваның төрағалығымен «Экономика және сервис» факультеті Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде бірінші аралық бақылаудың қорытындылары, студенттік практиканы ұйымдастыру, дуалды оқытудың жағдайы мен келешегі туралы мәселелер қаралды. Бірінші аралық бақылаудың қорытындысы бойынша «Экономика, есеп және аудит», «Менеджмент және туризм», «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедраларының меңгерушілері баяндама жасады. Студенттік практиканы ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды қарастырып, тәжірибе негіздерін, жұмыс берушілерді және мүдделі тараптарды бекіту туралы шешім қабылданды. А.Ш.Нұрғалиева оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударды.