1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші кешенді тестілеуге құжаттар қабылдау басталады. Екінші кешенді тестілеуге қатысуға тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді app.testcenter.kz (http://app.testcenter.kz құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 1-15 қараша аралығында жүргізіледі. Кешенді тестілеудің өзі 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтеді.
Тестілерді сәтті тапсырған жағдайда үміткерлер жазғы қабылдау қорытындысы бойынша байланыссыз қалған гранттарды ұтып ала алады", – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Магистратураға грантқа үміткерлер дәстүрлі түрде шет тілі, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтау бойынша тест тапсырады. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар үміткерлер шет тілі бойынша тесттен автоматты түрде босатылады. Тест нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, оның қатысушылары түсу емтихандары аяқталғаннан кейін 30 минуттан соң онлайн-апелляцияға өтініш бере алады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін өту балы 75 балды, бейінді магистратураға түсу үшін – 50 балды құрайтынын атап өткен жөн.
Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін қабылданады. Магистратураға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.
Магистратураға түсушілер үш мыңнан астам мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады
НӨМІРЛЕР БОЙЫНША ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ: 8(771)766-99-99; 8(775)232-22-66; 8(7172)72-58-15