2023 жылы 15 қарашада ҚазТБУ «Есеп және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық валюта – теңге күніне орай «Салық кодексі: 2023 жылы бухгалтерлік есеп пен аудиторлық тексерістер бойынша қандай өзгерістер күтіледі» тақырыбында дөңгелек үстел» өтті.
1-спикер - экономика ғылымдарының магистры, кәсіби бухгалтер, ҚР салық кеңесшісі Бекболсынова Алма Сартайкызы – «Қазақстан заңнамасына салықтық өзгерістерге шолу» бақырыбында баяндама қойды.
2 – спикер –Qazcontent АҚ Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары, Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі магистр ДипИфр (орыс.), ҚР аудиторы, ҚР Кәсіби бухгалтері, Ресей Федерациясының кәсіби бухгалтері, CIPA, CAP халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатының иегері Ахбутина Айгүл Мырзабайқызы «Кәсіби бухгалтер: Салық есебі» тақырыбында баяндама қойды.
Дөңгелек столді ұйымдастырушылар: «Есеп және қаржы» кафедрасының PhD, доценті Жабытай Б.Н., аға оқытушылары Рейдолда С., Байдаирова К.Б.