Бүгін Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде “Бос орындар жәрмеңкесі-2024” өтті. Аталған іс-шараға өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, банк құрылымдарының өкілдері және т.б. жұмыс берушілер қатысты.
Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген барша бітіруші түлектерге президент-ректорымыз Сейіт-Қасым Ниязбекұлы Байбеков сәттілік тіледі. Астана қаласы әкімдігінің Еңбек ұтқырлығы орталығы директоры Омар Олжас Қобыландыұлы түлектерге бос жұмыс орындары және мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары жайлы баяндап, жұмысқа тұру барысында пайдалы болатын лайфхактармен бөлісті.
Еске салайық, осы жылы 977 түлек ҚазТБУ дипломын алады. Оның ішінде бакалавриатты 844 адам, магистратураны 133 адам бітіреді. Оқу орнын 19 түлек мемлекеттік тапсырыс бойынша аяқтайды.