«Экология» және «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламаларының 2-4 курс студенттері және «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушылары Такирова А.Х., Нұртай Ж.Т., Өнерхан Г., Мамытова Н.С., Тұраққазы А.А., Сламкул И.С. ағымдағы жылдың 8-9 қарашасы аралығында Қазақстан Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі жөніндегі мекемеде болды.
Экология және қоршаған ортаны қорғау саласының болашақ мамандары Ауа-райы қызметінің 100 жылдық тарихы мұражайында болып, «Қазгидромет» РМК қоршаған ортаны бақылау бөлімінің мамандарымен кездесті. Білім алушыларға «Қазгидромет» РМК-да атмосфералық ауа мен жер үсті суларының мониторингі саласындағы жұмыстар, экологиялық мониторинг картасы, зертхана және мобильді қосымшаның жұмыстары туралы айтылды.