Медиа

Болашақ бізбен бірге

2023 жылы 14 ақпанда "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ қабырғасында кәсіптік бағдар беру жайында кездесу өтті. Бітіру сыныптарымен кездесуге университеттің мобильді тобының өкілдері шақырылды. Бұл кездесуді "әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Лузанов Виктор Александровичтың ұйымдастыруымен өтті. Оқушыларға кеңес беру барысында ҰБТ өткізу күндері мен мерзімдері, шығармашылық емтихандарды тапсыру форматы, академиялық ұтқырлық, практикадан өту базасы жайында ақпараттар айтылды. Барлық сұрақтарға жауаптар алынды. Болашақ студенттерді ортамызға күтіп алуға дайынбыз!