Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін Қазақ технология және бизнес университеті, Экономика факультеті, «Экономика, есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Жубаев Сапарбай Досжанұлы "Құрмет" орденімен марапатталды.
Әріптесіміз Жубаев Сапарбай Досжанұлына "Құрмет" орденін 13 желтоқсан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен Республикалық деңгейдегі марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.