Медиа

БІЛІМ ОРДАЛАРЫНДА УНИВЕРСИТЕТ КҮНІ

Қазақ технология және бизнес университетінің кәсіптік бағдар беру тобы Көкшетау қаласы мен оған жақын орналасқан ауыл мектептерінде университет күнін өткізді. 2023 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында мектеп бітірушілер мен колледж топтарындағы студенттер кәсіптік бағдар бойынша ақпарат алды. ҚазТБУ туралы бейнероликтер көрсетіліп, барлық қатысушыларға үлестірме ақпаратнамалар таратылды. Танысу барысында түлектерге мамандықтар, тәжірибе базасы, студенттердің бос уақыты және оларды қызықтыратын басқа да мәселелер туралы мағлұмат берілді.