Медиа

БАРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР БІЗДЕ!

2023 жылдың 15 наурызында Қазақ технология және бизнес университетінің өкілдері елордадағы №43 мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.Біздің білім ордамызды мобильді топ қызметкерлері ҚазУТБ бейнероликтерімен таныстырды. Барлық жиналғандарға буклеттер таратылды. Түлектермен танысу барысында мамандықтар, тәжірибе базасы, студенттердің бос уақытын өткізу және оларды қызықтыратын басқа да мәселелер жөнінде ақпарат берілді.