Медиа

."Байтақ Болашақ" Экологиялық альянсы РҚБ Астана филиалы студенттермен және оқытушылармен кездесу өткізді

20.09.2022 ж. Қазақ технология және бизнес университетінің акт залында ."Байтақ Болашақ" Экологиялық альянсы РҚБ Астана филиалы "Экология саласындағы инновациялық технологияларға көшу - жасыл экономиканың маңызды мақсаттарының бірі" тақырыбында университет студенттерімен және ПОҚ-мен кездесу өткізді. Кездесуде "Байтақ Болашақ" экологиялық альянсы РҚБ өкілдері сөз сөйлеп, қатысушыларды жастарды экологиялық тәрбиелеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар және жұмыс перспективалары туралы хабардар етті.