Білім күнін ҚазТБУ аса үлкен қувнышпен қарсы алды. Университет алаңында сағат 10:00де технология факультеі мен экономика факультеті және коледж студенттері жиналып, мерекелік іс шара ҚР гимінімен ашылды. ҚазТБУ президент ректоры С. Н. Байбеков кешегі талапкер, бүгінгі студентатанып алғаш қалам бастқалы тұрған жас өренге жалынды тілегін жолдап,ата-аналарды перзенттерінің студентатануымен шын жүректен құттықтады. Жаңа Қазақстанның болашағы жалынды жастар болса, елордамыздың ертеңіне үлес қосар бүгінгі студенттеріміз екені анық. Сонымен қатар ҚазТБУ колледжі директоры Д.Б.Утеевте бүгінгі күнде колледж табалдырығын аттап отырған жас өрендеріне жүректен шыққан жылы лебізін арнады. Әрбір ата-ана өз перзентін жоғары деңгей және зиялы биіктен көрінсе деп армандайды. Біз, яғни Қазақ технология және бизнес университеті, жастарымызды студент болуымен шын жүректен және шынайы түрде құттықтай отыра, олардың үлгілі және озат студент ретінде университеттің мақтанышы болуына тілектестік білдіреміз! Прогресcке әрқашан құлшыныспен ұмтылатын Қазақ технология және бизнес университетінің есігі талантты және белсенді жастарға әрдайым ашық!