Медиа

ҚазТБУ колледжінде «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының кәсіптік бағдар беру іс-шарасы

2023 жылдың 13 және 16 қазан күндері КазТБУ жанындағы колледждың «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының ПО-2102, ПО-2101 топтарында колледж студенттерін университетке оқуға тарту мақсатында «Ақпараттық технологиялар кафедрасы және ондағы мамандықтар» тақырыбында «АТ» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.-м.ғ.к. Рыстыгулова Венера Ботабаевна презентациялық дәріс өткізді.

Презентациялық дәрісте В.Б. Рыстыгулова университет құрылымымен, ондағы факультеттер мен кафедралар туралы ақпараттар берді. Студенттерге «АТ» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын таныстыра келе, бакалавриаттың 6В06114 – Ақпараттық жүйелер, 6В06115 – ІТ менеджмент, 6В06116 – Автоматтандыру және басқару, 6В05115 – Жасанды интеллект мамандықтары бойынша берілетін біліктіліктер жөнінде айтып өтті.

Колледж студенттерін университетте оқытылатын пәндерге қызықтыру мақсатында «Компьютерлік модельдеу негіздері» пәні бойынша «Баскетбол добының сақинаға түсуін компьютерлік модельдеу» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді. Оқытушы есептің шешімін 4 кезеңге бөліп, программалаудың қыр-сырын түсіндірді. Студенттермен кері байланыс орнатылды, ПО-2101 бойынша топ студенттері Жапаров Мирас, Машарупова Жансая есепті шешу және программалау бойынша сұрақтар қойып, қажетті жауаптар алды.