Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақ технология және бизнес университетінде болып оның оқу процесімен және университетте орныласқан ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығына қызметімен танысты. Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар университет басшылығы қатысты.
Сонымен қатар кездесу барысында орта білім беруді жаңғырту және ҰБТ форматын жетілдіру мәселелері де талқыланды.
Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар орта және жоғары білім беру салаларын жетілдіру мүмкіндіктерін қарастырды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақ технология және бизнес университетінің жұмысына оң баға берді.