Медиа

Қазақ технология және бизнес Университетінің спорт залында 18.03.2022 жылы жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир басталды.

Қазақ технология және бизнес Университетінің спорт залында 18.03.2022 жылы жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир басталды. Турнирге республиканың көптеген аймақтарынан келген жас боксшылар қатысады. Турнирдің салтанатты ашылуында қатысушыларға құттықтау сөзімен ҚазТБУ Президенті – ректоры С. Н.Байбеков сөз сөйледі, өз сөзінде кубокты ұйымдастырушы: "Құрметті қатысушылар, сіздерді бокстан республикалық турнирдің ашылуымен құттықтағым келеді. Барлығыңызға сәттілік және өзіңізге сенімділік тілеймін". Үш күндік турнир қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады. Салтанатты ашылу соңында ЖОО қабылдау комиссиясының өкілдері барлық қатысушыларға буклеттер таратты.