Қазақ технология және бизнес университетінде Тілдер, тарих және спорт бойынша Олимпиада

Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен 17-21 ақпан аралығында І курс студенттері арасында «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Қазақстан тарихы», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша университетішілік олимпиада өтті.

«Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Қазақстан тарихы» пәндерінен олимпиада 2 кезең бойынша өтті, ал «Дене шынықтыру» пәнінен шаңғы, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс болды.

Олимпиадада білімдерін көрсетіп, жеңіске жеткен білім алушыларды Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Саят Бердіғалиұлы, Экономика және сервис факультетінің деканы Қанат Сейітқамалұлы, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қанағат Тұрсынбайқызы арнайы дипломмен марапаттады.