Медиа

Қазақ технология және бизнес университеті қабылдау комиссиясы

Қазақ технология және бизнес университеті қабылдау комиссиясы Қосшы қаласындағы №1 Рақымжан Қошқарбаев атындағы орта мектеп пен №2 орта мектептің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында университет пен колледжге жаңа оқу жылына қабылдау жолдары түсіндіріліп, оқу орнының жетістіктері мен мүмкіншіліктері жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар оқушылар өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, көңілге қонымды жауаптарын ала білді.