Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Қазақ Технология және Бизнес университетеінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Депудаттары Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы және Рамазанова Ләззат Керімқұлқызымен кездесу өтті. Кездесуге универститет басшылығы және қызыметкерлері қатысты.
Кездесу тақырыбы Республика Президетінің 2022 жылғы 5 маусымда өткізілетін жалпы мемлекеттік Референдум аясында болды. Депудаттар өз кезегінде саяси науқаннның болашаққа берер тиімді жақтары мен қолданысқа енгізілілер оң өзгерістер бағытында түсіндірме жасап, алдағы жоспарлар барысына ақпарат берді. Кездесу барысында университет қызыметкерлері өз тараптарынан “жаңа Қазақстандағы педагогтердің қызыметі”, “студенттерге бөлінер мемлекеттік оқу ақысы”,” ғылым саласындағы түйткілді мәселелер” және “жер – халықтың игілігінде”, “зейнеткерлік жасының төмендетілуі” тұрғысында көкейкесті сұрақтарын қойып, халық қалаулыларының берген жауаптарына куә болды.
Сонымен қатар кездесуде «AMANAT» партиясы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Исақ Ерболат Түгелбайұлы мен БАҚ өкілі Қанат Әуесбай өз кезегінде халықтың Референдумға қатысып, өз көзқарасын білдіруі ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтіп, бір адамдай ат салысуға шақырды. Университет қызыметкерлері көзқарастарын айқын түрде көрсетіп, белсене ат салысатынын білдірді.