ҚР ҒЖБ министрлігі 2023 жылдың 27-28 сәуір күндері Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінде «ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ» атты республикалық форум өткізуде.
Форумның мақсаты:
- · жастарға ұлттық тәрбие беру, отансүйгіштік, тұлғатану, ұлттық тарихи сананы қалыптастыру мәселелері бойынша озық тәжірибелермен танысу және пікір алмасу;
- · тарихи тұлғалардың ұрпаққа үлгі боларлық еңбектерін білім мен тәрбие жұмыстарында қолданудың жаңаша жолдары және әдістерімен бөлісу;
- · жаһандану жағдайында елімізде ұлттық құндылықтарды сақтаудың дәстүрлі және заманауи жолдарын айқындай түсу... және т.б.
Аталмыш форумға Қазақ ТБУ тарапынан «ӘГП» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымд. профессор Қ.Т. Алтайбекова және тарих пәнінің оқытушысы Д. Асқарұлы қатысуда.
Форумда көтерілетін тақырыптардың маңыздылығын қатысушылардың географиясынан-ақ байқауға болады. Кешенді іс-шараға еліміздің 14 облысынан және 3 республикалық маңызы бар қалаларынан барлығы 47 жоғары оқу орнының өкілдері келіп, атсалысуда.
Төмендегі тақырыптарда бірқатар отандық ғалымдар, сарапшылар баяндамаларын көпшілікке таныстыруда:
- «Ұлы ұстаз – Әл-Фараби»;
- «Абай Құнанбаевтың «Толық адам ілімі» және қазіргі жастар»;
- «Әл-Фараби және Шәкәрім мұрасындағы «Кемел адам» мәселесі;
- «Ы. Алтынсарин мұралары тәрбие құралы ретінде»;
- «Ұлы даланың ұлы қыздары»;
- «Әлихан Бөкейханов және Алаш ағартушылары ұлттық тәрбие туралы»;
- «Жүсіпбек Аймауытов және ұлттық психология»;
- «Мектеп ұстазы. Жастар ұстазы. Ұлт ұстазы. (Өзбекәлі Жәнібековтың ұстаздық қырлары туралы)»;
- «Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегі және жастар тәрбиесі»;
- «Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жастардың үлесі»;
- «Цифрлық технологиялар патриоттық тәрбие берудің құралы ретінде». Форумнан алған тәжірибе негізінде жоғары оқу орындарындағы патриоттық тәрбие беру ісінің жоспарларына толықтырулар енгізілетін болады.