Медиа

Австралияның алыс континентінен келген делегацияның сапары

2023 жылғы 16 ақпанда Сидней технологиялық университетінің (Австралия) өкілдерімен кездесу өткізілді: Леона Тамм – профессор, бизнес мектебінің деканы; Ричард Лам – университеттің аймақтық директоры; Габриэль Раду – Орталық Азиядағы университеттің өкілі; Стефан Тапеску – университеттің серіктесі. Бұл кездесу достық атмосферада және жағымды ортада өтті, Сидней технологиялық университетінің қызметі туралы презентациялық материалдар мен ақпараттармен алмасу жүзеге асырылды. Біздің университеттер арасындағы жемісті ынтымақтастықты дамыту бойынша одан әрі жұмыс жалғасады.