2024 жылғы 10 қазанда Астанада V Халықаралық гастрономиялық «ASTAUFEST - 2024» фестивалі өтті. Фестивальге келесі елдерден 95-тен астам үміткерлер қатысты: Түркия, Корея, Қытай, Өзбекстан аспазшылар қауымдастығы, Саха Республикасы, Якутск, Татарстан, Қырғызстан, Қазақстан. «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының «Туризм және сервис» кафедрасының білім алушысы Айбек Айюбхан ІІ орынды иеленді, жетекшісі кафедра оқытушысы Жаңабай А.А.
Айюбхан кәсіпқойлық пен шығармашылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Айбек Айюбханды халықаралық фестивальдегі керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын! Біз Аюбхан мен жетекшісі Жаңабай А.А. қазақстандық туризм мен сервисті одан әрі дамытуда табыс тілейміз.