18.11.2022 күні Қазақ технология және бизнес университетінде «Астана жастары» ҚКМ қызметкерлері мен Астана қаласының белсенді студенттерінің кездесуі өтті. Кездесуге ҚР пезиденттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемел ұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері ,ҚазТБУ президент-ректоры С.Н.Байбеков және «Астана жастары» ҚКМ төрағасы Тлеулин Чингиз Маратович қатысып, елордамыздың жастарына алда келе жатқан үлкен науқанда бір кісідей ат салысып, замандастарын аталмыш сайлауда өз белсенділіктерін көрсетіп, азаматтық парыздарын адал орындауға шақырды. Сонымен қатар кездесуге келген Елордалық студент жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын ала алды.