2023 жылдың 17 қазанында «Технология және стандарттау» кафедрасы апталығы аясында 6В05112- Биотехнология білім беру бағдарламасының ПОҚ және БТ-201,202 тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «Қоршаған ортаның микрофлорасын зерттеу әдістерін меңгеру» тақырыбында Астана қаласының №26 мектеп-гимназия оқушыларымен зертханалық жағдайда мастер-класс жүргізілді.
Іс-шара барысында мектеп оқушыларына зертханадағы қауіпсіздік ережелері мен құрал-жабдықтардың қызметі таныстырылды. Өзара топқа бөлініп келесідей зертханалық жұмыстар жүргізілді:
• микроағзаларды культивирлеу үшін қажетті қоректік ортаны дайындау және автоклавтау;
• микроағзаларды бояудың қарапайым және күрделі әдістерін пайдалана отырып, дайын препараттардың морфологиялық қасиеттеріне зерттеу;
• арнайы әдістерді пайдалана отырып ауа және судың микрофлорасын зерттеу;
• йогурт өніміндегі сүт қышқылды микроағзаларды микроскопиялау;
• титрлеу әдісімен тағам өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау.
Жүргізілген зертханалық жұмыстар бойынша сұрақтар қойылып, талқыланды. Іс-шара соңында, мектеп оқушыларына белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.
Университеттің бірінші қабатта студенттердің өз қолымен дайындаған тағамдық өнімдердің жәрменкесі өтті. Жәрменкенің түскен қаражат қайырымдылық қорына жіберілді.
«IT биотехнологиядағы» семинар 7-ші қабатта болды. Өмірзақ Ернар семинар-тренинг өткізді.