Медиа

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ 2023

28.02.2023 жылы Қазақ технология және бизнес университетінің қабырғасында Ашық есік күні өтті. Білім ордасына № 47; 52; 89 елордалық мектептердің оқушылары келді. Оқу корпусының фойесінде қонақтарды Жастар ісі комитеті мен қабылдау комиссиясы делегациясы қарсы алып қатысушыларды тіркегеннен кейін барлық қатысушыларға экскурсия ұсынылды, оның барысында болашақ студенттерге өздерін қызықтыратын дайындық бағыттары мен мамандықтары бойынша презентациялар көрсетілді. Оқушылар университеттің кафедралары мен зертханаларында болды; профессор-оқытушылар құрамымен қарым-қатынас өтті; дипломдық жобалармен және жұмысқа орналасу орындарымен танысу; сән ақпараттық орталығына және шеберханаларға, студенттік алаңға және түрлі шығармашылық көрмелерге бару мүмкіндігіне ие болды. Бұл танысу талапкерге оқу орнының ішкі өмірімен танысуға мүмкіндік берді.