Медиа

Англиядан келген делегацияның Достық сапары

2023 жылғы 20 маусымда Англияның 7 жоғары оқу орнының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу достық жағдайда өтті. Қонақтарға университеттің бас әкімшілік корпусы бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Қазіргі заманғы зертханалық-техникалық базаның, профессорлық құрамның ғылыми жетістіктерінің көрсетілімі өтті, сондай-ақ студенттердің көрнекі шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

Қонақтардың қызығушылығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, робототехника және электроника салаларына бағытталды.

Университеттер арасындағы өзара іс-қимыл ынтымақтастықты дамыту мақсатында жалғастырылатын болады.