Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технологиясы және бизнес университетінде 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай, ӘГП кафедрасының ұстаздарымен «Алғыс білдіру – ең асыл сөз» тақырыбында университет білім алушылары «қошеметпен қарсы алу дәлізін» ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: Білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. «Алғыс күні» ұғымының мағынасын ашу, олардың әрқайсысы дамыту үшін мәдени құндылықтар мен адами қарым-қатынасын қалыптастыру.