Ағымдағы жылдың 1 наурызы көктемнің алғашқы күні айшықты мерекемен айқындалды. Бұл күн республика бойынша осымен жетінші көктемде АЛҒЫС АЙТУ күні болып аталып өтуде. Қазақ технология және бизнес университетінде түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері де білім алуда. Осыған орай оқу орнының тәрбие ісі және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің ұйымдастыруымен тарихи-танымдық лекция пікір-талас отырысы өтті. Іс шараға ҚазТБУ әлеметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы профессоры,тарихшы Ешпанов Владимир Сәрсенбаевич пен Қабылдау комиссияның жауапты хатшысы Серкебаев Ерболат Рахметоллаевич кешегі күннен бүгінге сыр шертер тарихтан сыр толғай отырып, студенттерге алғыс айту ұғымының құндылығы тақырыбында түсіндірме ақпараттар ұсынды. Сонымен қатар қазақ еліндегі ұлттар мен ұлыстардың татулығы жайында сөз қозғалып, жас буынды атадан балаға мирас болып келе жатқан татулықтың туын жоғары ұстауға шақырды.Кеш соңында студенттер сұрақтарын қойып, тұжырымды жауаптардың тыңдарманы болды.