КазУТБ в СМИ

Қаржылық сауаттылық: Жастар арасында алаяқтықтан қорғану мен қаржылық тәуекелдерді басқару

Студенттер арасында алаяқтық жағдайларының көбеюіне байланысты "Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ ректоры, Байболова Ләззат Кемербекқызының тапсырмасы бойынша “Қаржы және есеп" кафедрасының оқытушылары "Қаржылық сауаттылық" тақырыбында дәріс сабақтарын ұйымдастырып, өткізді. Дәрістер экономикалық және техникалық факультеттердің студенттеріне арналды және олардың мақсаты қаржылық хабардарлық деңгейін арттыру және жастар аудиториясы арасында қаржылық тәуекелдердің алдын алу болды. Іс-шараға жоғары білікті мамандар қатысты: PhD Мукушев А. Б., э.ғ. к. Жаппасова Р. Е. және сеньор-лектор Жұмажанова М.Т.