Ахметованың кәсіби бағдар беруінің Пресс-релизі 2023 жылдың 14 наурызында "Туризм және сервис" кафедрасының оқытушылары Құрманқұлова Н.Ж., Ахметова Г.Б. Астана қаласының №72 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты-мамандықты саналы түрде таңдауға бағдарлау, тек кәсіпті ғана емес, оның қабілеттеріне, бейімділіктеріне, талаптарына сәйкес келетін, еңбек нарығында сұранысқа ие болатын және оның қаржылық әл-ауқатын қамтамасыз ететін, сондай-ақ берілген мамандықтардың барлық бағыттарына көмектесу. № 72 мектеп-лицейінде 11 сыныптарда 57 оқушы оқиды. Қазақ сыныптарында 31 оқушы, орыс сыныптарында 26 оқушы бар. Оқытушылар ұсынылған білім беру бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, буклеттер таратылды. Мектеп түлектеріне гранттар мен жеңілдіктерге қызығушылық танытты. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.