Ақтауда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырған өңір талапкерлеріне арналған жоғары білімнің ауқымды көрмесі өтті.
Көрмеде Қазақстанның түрлі қалаларынан 40-тан астам жетекші ЖОО өз университеттерін таныстырып, білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Көрме жұмысы барысында ЖОО өкілдері талапкерлер мен олардың ата-аналарының қабылдау науқандары, университеттің халықаралық ынтымақтастығы және академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктері, студенттік өмір және т. б. туралы сұрақтарына жауап берді.
Аталған көрмеде, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің қабылдау комиссиясы да белсене қатысып, талапкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, көрме қонақтары халқы тығыз орналасқан және батыс өңірлердегі жастарға арналған нысаналы білім беру гранттары шеңберінде оқуға түсу тәртібі және тегін оқу мүмкіндігі туралы қажетті ақпарат ала алды.