Медиа

2024 жылдың 15 ақпанында сағат 11.00-де э.ғ.д., профессор, ҚЖМҰҒА академигі Г. Н. Дугалованың ғылыми семинарының отырысы өтті.

Гүлнар Нәжімиденқызы ғылыми семинардың жұмысын ашып, семинар қонағын таныстырды: Перуашев Азат Тұрлыбекұлы-қазақстандық мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы, саясаттану ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік докторы (DBA).

Кейін оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Жаманғарин Дусмат Саматұлы құттықтау сөз сөйледі. Университетте ғылыми жұмысты дамыту нысаны ретінде ғылыми семинардың маңыздылығын атап өтті.

А. Т. Перуашев "Қазақстандағы бизнесті дамыту мәселелері мен перспективалары"тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми семинар жұмысына оқытушылар, магистранттар мен студенттер белсенді қатысты. Қызықты сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Семинар соңында Гүлнар Нәжімиденқызы қонаққа және ғылыми семинардың барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, Азат Тұрлыбекұлына естелік сыйлық табыс етті.