Медиа

2023 жылғы "2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"

2023 жылғы 24 ақпанда "2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"республикалық байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті. Республикалық байқаудың жеңімпазы экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚЖМ ҰҒА академигі, "Еуразия" Халықаралық экономикалық академиясының академигі, "Экономика және басқару" кафедрасының профессоры Дугалова Гүлнар Нәжімиденқызы болды. Жеңімпаздың медалі мен куәлігін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат табыстады. Құрметті марапатпен құттықтаймыз! Ғылыми-педагогикалық қызметте одан әрі табыс тілейміз!