Медиа

2023-2024 оқу жылында өткізілген университетішілік пәндік олимпиада бойынша

Ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен

2023-2024 оқу жылында өткізілген университетішілік пәндік

олимпиада бойынша

ЕСЕП

2024 жылдың 27 наурыз күні Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің Технологиялық факультеттің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен университетішілік деңгейінде кезекті пәндік олимпиада дәстүрлі жүйеде өткізілді.

Олимпиада өткізудің мақсаты: білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыту, ойлану, іздену қабілеттерін анықтау, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, ғылыми-зерттеуге ынталандыру.

Олимпиадаға барлық білім беру бағдарламасы бағытында оқитын 1 курс білім алушылары қатысты. Олимпиада өтуіне жауапты кафедра оқытушылары А.М.Джумагалиева мен А.Р. Оразаева екі айнылымнан тұратын тапсырмалар дайындап, жүргізді.

Кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., асс, профессор А.Д.Тулегулов, аға оқытушылар Г.М.Жармағанбетова, Талғат Амангүл, Г.Ш.Омаркулова әділ қазылар мүшесі болып сайланып, қатысушылардың нәтижелерін қорытындылады. Олимпиада соңында барлық қатысушыларға белсене қатысқандары үшін алғыс хаттар, сертификат, жеңімпаздар жүлделі орын дипломдарымен марапатталды. Олимпиада ұйымдастырушылары мен ғылыми жетекшілерге алғыс айта отырып, жас ізденушілерге биік шыңдар мен ғылыми табыстар тілейміз!!!