2022 ж. 26 сәуірде Қазақ технология және бизнес университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы ZOOM платформасында онлайн форматта "Қазақстандағы ғылымды дамыту: гуманитарлық-әлеуметтік бағыттағы дәстүрлер" тақырыбында Республикалық әдістемелік семинар ұйымдастырды және өткізді. Іс-шараның модераторлары әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауым.профессоры Кусбеков Д.К. және аға оқытушы Лузанов В.А. Семинарға 40-тан астам адам қатысты, оның ішінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақстанның өңірлік жоғары оқу орындарының (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті) өкілдері, сонымен қатар Қазақ технология және бизнес университетінің студенттері мен магистранттары. Семинар соңында оның қорытындылары шығарылды, қоғамдық-гуманитарлық білім мәселелерін зерттеуді одан әрі жандандыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді. Әдістемелік семинар нәтижесінде, қатысушылар гуманитарлық-әлеуметтік бағыттағы ғылымды дамытудың теориялық және практикалық мәселелері бойынша кәсіби деңгейлерін арттырды.