Home / Жаңалықтар / 13 наурыз 2023 жыл

Медиа

13 наурыз 2023 жыл

13 наурыз 2023 жылы «Туризм және сервис» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джангельдина Д.И. кафедраның «Кәсіптік бағдар беру» жұмысының жоспар кестесіне сәйкес Астана қаласының №65 мектеп-гимназиясында және №79 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру бағытында жұмыстар жүргізді. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әртүрлі мамандықтардың талаптарымен таныстырылды. Мамандықтардың ерекшеліктері, олардың қоғамда алатын орны туралы түсініктер берілді. Сонымен қатар Университеттің кәсіптік бағдары туралы буклеттер таратылып, инстаграм каналы мен сайты туралы ақпараттар берілді. Оқушылардың грант бойынша, оқу ақысы туралы, мамандықтардың түрлері бойынша қойылған сұрақтарына жауаптар берілді. №65 мектеп-гимназиясында 11 сынып бойынша 150 оқушы , оның ішінде 72 қазақ тілінде, 78 орыс тілінде және №79 мектеп-лицейінде 11 сынып бойынша 112 оқушы, оның ішінде 76 қазақ тілінде, 36 орыс тілінде оқитыны туралы анықтама алынды.