13 маусым күні Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде 2024 жылғы бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараны университет президент-ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Байбеков Сейіт-Қасым Ниязбекұлы және Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертайұлы Ертаев ашты. Сондай-ақ, шара барысында біліммен қатар қоғамдық жұмыста белсенді, көптеген халықаралық және республикалық ғылыми зерттеу жұмыстары конкурстарының, конференциялардың жеңімпаздары, түрлі жарыстарда топ жарғандар президент-ректор Алғыс хаттарымен марапатталды. Барша түлектерді құттықтай отырып, өз ісінің маманы атануларыңызға тілектеспіз!
Сәт сапар, жас түлек 2024!