Медиа

12 қараша күні студенттер қатарына қабылдау мерекелік іс-шарасы өтті

12 қараша күні жас көрермендердің музыкалық театрында «Тәуелсіз елдің жастары – Ұлы дала тірегі» атауымен студенттер қатарына қабылдау мерекелік іс-шарасы өтті. Концерттің қалай өткенін фотолардан көріп, атмосфераны сезіне аласыз. Шара жоғары деңгейде өтті. ҚазТБУ президент-ректоры М.Қ.Байжұманов алғы сөз сөйлеп, студенттік өмірге қадам басуымен құттықтады. Сахна төрінде қазақ шоу-бизнесінің әртістері Мұхаммед-Әли Жүгінісов, «Alzabi» тобы және университетіміздің талантты жастары өнер көрсетті.