12 қараша 2024 жылы «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен қонақ дәрісі өтті. Қонақ дәрісін «AST Group» компаниясының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Әйелдер кәсіпкерлері ассоциациясының мүшесі Азбаева Арайлым Манарбековна жүргізді. Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті. Кездесуге «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарының 2-4 курс студенттері, сондай-ақ магистранттар қатысты.