12 сәуір 2022ж. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы Ғылым қызметкерлерінің күніне сәйкес проф. А.Ж. Мухамбетжан «Ұлы Абай философиясының студенттердің дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында Абай шығармаларын зерттеуге арналған еңбектеріге шолу жасалынып, оның философиясының негізгі мәселелеріне байланысты көзқарастары жөнінде әңгіме қозғалды. Семинарда ойшыл ақынның терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны ашылып, терең талқыға түсті. Семинарға қатысқан кафедра оқытушылары және университетіміздің 1 курс студенттері белсенділік таныта отырып, Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге елеулі үлес қосқан ғалымдарды атап, олардың еңбектеріне өз бағаларын беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Семинар жоғарғы деңгейде өтті.