Home / Жаңалықтар / «1 МАМЫР- ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІК» КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Медиа

«1 МАМЫР- ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІК» КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес универитетінде «1 мамыр- Қазақстан халқының бірлік» күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн- Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Осы орайда, университетіміздің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының философия ғылымдарының докторы, профессор Абуов Айдар Паркулович стуіденттерге лекция оқып, бірлік пен берекеге шақырды. Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!