2022 жылдың 7 қыркүйегінде Бейімделу апта аясында Әлеуметтік-гуманиралық пәндердің меңгерушісі ф.ғ.к., профессор Алтайбекова Қ.Т. ұйымдастыруымен ZOOM платформасында 1 курс студенттеріне арналған “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” атты онлай іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты 1 курс студенттеріне өздері таңдап түскен Қазақ технология және бизнес университеті жайлы жалпы мағлұмат беру.
Экономика және сервис факультетінің деканы э.ғ.к., профессор Нургалиева Алмагүл Шаймұратовна жалпы Университет тәртібімен таныстырды.
Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:
30 тамыз – Ата заңымыз Конституция күніне тоқталып, студенттердің назарына осы мерекеге орай дайындалған бейнежазба ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдау жариялады. Сол Жолдауда аталған мәселелермен таныстыру үшін Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлары филос.ғ.к., профессор Мухамбетжан Абылай Жортабаевичке және филос.ғ.к., профессор Баимбетова Рабиға Кабдуловна сөз сөйледі.
Тілдер мерекесі. Осы мерекеге орай кафедраның профессор-оқытушылар құрамы атынан п.ғ.к., асс.профессор К.Қ. Канафияева, аға оқытушылар Б. Ж. Джумамухаметова және Р.А. Серимбетова 3 тілде өз құттықтауларын жеткізді.
Қорытындылай келе, студенттерге Университет қабырғасында білім нәрімен сусындап бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие маман болып шығатындарына сенім білдіріп сәтті сапар тілеумен іс-шара аяқталды.